Тәуелсіздік Декларациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәуелсіздік Декларациясы (АҚШ), Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін Соғыс кезінде 1776 жылы 4 шілдеде Филадельфияда өткен 2-Құрлықтық конгрессте қабылданған. Тәуелсіздік декларациясының негізіне республикалық және демократиялық рухта жасалған Т.Джефферсонның жобасы алынды. Онда 13 ағылшын отарының метрополиядан бөлініп, дербес, тәуелсіздік мемлекет – Америка Құрама Штаттарының құрылғанын жарияланды. Тәуелсіздік Декларациясы адамдардың заң алдындағы теңдігін, олардың өмір сүруге деген табиғи құқығын, бостандығы мен бақытқа ұмтылуын жариялады. Алайда құл иеленушілердің қысымымен декларация мәтінінен құлдықты айыптаған жолдар алынып тасталды. Кейіннен Тәуелсіздік Декларациясының қабылданған күні америка халқының ұлттық мейрамына айналды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тәуелсіздік Декларациясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}