Тұшпара

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Пельмени с мясом (неварёные).jpg
Тұшпара етпен (пісірілмеген)
Сурет:Pelmeni.jpg
Тағам пияз бен қаймақпен беріледі

Тұшпара – тағамның түрі. Оны қамырдың ішіне ет және балық салып әзірлейді де қайнап тұрған тұзды суға пісіріп май, сірке суын, қыша, қаймақ қосып, сондай-ақ сорпамен бірге де береді. Дайындау тәсілі: тұзды жылы суға жұмыртқа қосып иленген қамырды 30 минутқа жауып қояды. Содан кейін қамырды жұқа етіп жайып, дөңгелектеп кеседі де, кесілген қамырдың ішіне фарш салып шетін бүктейді. Қазір арнайы Тұшпара жасағыш та бар. Пісіргенге дейін оны ұн себілген тақтайға салып, салқындау жерге қоя тұру керек. Содан соң қайнап тұрған тұзды суға немесе сорпаға 6 – 8 минут пісіреді. Егер Тұшпара сорпаның бетіне қалқып шықса, дайын болғаны. Тұшпара жасау үшін қой немесе сиыр етін ет тартқыштан өткізіп, пияз, тұз, бұрыш салып, үстіне аздап суық су (сүт немесе кілегей) құйып, жақсылап араластырады. 1 стақан ұнға: 200 г қой немесе сиыр еті, 1 бас пияз, жарты стақан су, жарты шай қасық тұз керек. Бұрышты әркім қалауынша қосады. Балықтан жасалған фарш: балықтың жон етін ет тартқыштан өткізіп, пияз, тұз, бұрыш, сары май(немесе маргарин) салып үстіне су құйып жақсылап араластыру керек. 1 стақан ұнға 400 г балықтың жон еті, 1 бас пияз, 1 ас қасық сары май (немесе маргарин), жарты стақандай су, жарты шай қасық тұз қажет. Бұрышты әркім қалауынша қосады.

<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, VIII-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұшпара|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}