Тұтқабай Иманбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұтқабай Иманбеков (2.1. 1937, Түлкібас ауданы Куйбышев атындағы ауылы – 19.2.1995) – ақын, жазушы. ҚазМУ-ды бітірген (1960). 1960 – 67 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, кейін «Жазушы» баспасында аға редактор (1967 – 77), ҚазМУ-да аға оқытушы (1977 – 79), «Ара-Шмель» сатиралық журналында жауапты хатшы (1979 – 83), «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі (1983 –85), жауапты хатшы (1985 жылдан) қызметтерін атқарды. Алғашқы өлеңдері «Жырға сапар» (1958), «Жас дәурен» (1961) атты жыр жинақтарында жарияланды. «Ақ қайың» (1967), «Бұлақ күліп ағады» (1970) атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Прозалық шығармалардан «Тапсырылмаған гүл» (1969), «Үш айдың үш күні» (1972), «Тұт ағашының көлеңкесі» (1974) повестер жинағы және «Үлкен үй» (1979) романы басылды. Орыс тілінде «Последняя охота» (1976), «Тень тутовника» (1981) атты повестер жинағы, «Большой дом» (1984) романы шықты. С.С. Баруздин, А.Гайдар, Х.Меляев, М.Майерова, П.Ж. Беранже сияқты жазушылар шығармаларын қазақ тіліне аударған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}