Тұс киіз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұс киіз, түс киіз — бөлме қабырғасын сәндеуге арналған қазақ халқының ұлттық жиһазы.

Атауы

Көбінесе төсектің тұсына ұсталатын болғандықтан «тұс киіз» аталған.

Жасалуы

Ол киізге кестелі барқыт, оюлы мата жауып, мейлінше әшекейленіп жасалады. Шеті түрлі түсті жіппен өрнектеліп, кестеленген бір түсті матамен (барқыт, мәуіті, шұға, т.б.) көмкеріледі. Ортасына үйлесімді мата (жібек, мақпал, т.б.) салып киізбен астарлайды. Кейде ақ киізге қызыл, сары, көк түсті ою жапсырылады. Ертеректе оның қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған түрі де болған. Тұс киіздің кестесі көбіне біртұтас бірнеше өрнектің (мүйіз, гүл, жапырақ, шырмауық, түйе табан, алқа) үйлескен желісін жасау арқылы түрлі түсті жіппен тігіледі.<ref>Қасиманов С., Қазақ халқының қолөнері, А., 1995.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>