Тұрсын Елеусізұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрсын Елеусізұлы - 1935 жылы 3 наурызда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келген.

Жаркенттегі балалар үйі мен интернатта тәрбиеленген. 1957 жылы педагогикалық училищені тамамдал, еңбек жолын үстаздықтан бастаған.1966 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген соң, Талдықорған қаласындағы «Жетісу шүғыласы», облыстық «Октябрь туы» газеттерінде қызмет атқарған. Облыстық халық ағарту бөлімінде балалар үйлері мен мектеп-интернат секторын басқарады. 19711987 жылдары республикалық «Спорт» газетінде, «Қазақстан мектебі» журналында, Қазақ радиосында қызмет істейді.

Жетістіктері

«Құрмет Белгісі» орденімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Құрмет Грамоталарымен марапатталған. «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері». Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиянты. «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері».2000 жылғы «Жаңа ғасырға — жаңа ән» байқауының жүлдегері. Қазақ ССР Оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен, дипломымен, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің «Отан сақшысы» басылымының төс белгісімен марапатталған.

Шығармалары

«Жазушы» баспасынан «Жоғалған ойыншық» (1967), «Балбүлақ» (1975), «Жалын» баспасынан «Сыйлық» (1984) жыр жинақтары, сондай-ақ «Иван Шадрин (1973)», «Жұлдызды ұстаз» (1982) прозалық кітаптары жарық көрді. Республика ақындарының «Жазушы» баспасынан 1986 жылы шыққан «Соны соқпақтар» жыр жинағына ақынның топтама өлеңдері енгізілген.

1998 жылы ИНА «Айқос» баспасы орысша «Люди, Я расту!» деректі повесі мен қысқа әңгімелерін, «ҚазАқпарат» баспасы 2003 жылы «Әйел һәм жалғыздық» атты ғүмырнамалық кітабын, «Нұрлы әлем» баспасы 2003 жылы «Бір жұтым жыр» өлеңдер жинағын, «Тоғанай-Т» баспасы 2008 жылы «Диогенше кеспелеу» романын басып шығарған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}