Тұрсынбек Кәкішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Тұрсынбек Кәкішев (1927 жыл - 08.09.2015 жыл) - әдебиетші, ғалым, сыншы. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

«Оңаша отау» (1982) кітабына енген «Абайтанудың алғашқы асулары»атты мақаласында қазақ әдеби сынындағы Абай шығармашылығы төңірегінде атқарылған істерге, оның ұлттық сыни- ғылыми ойдың даму эволюциясындағы көрінісіне, Абай шығармаларын зерттеуші ғалымдардың бұл іске қосқан үлесіне, жекелеген зерттеулер мен мақалаларға талдау жасайды. Автор мұнда абайтану ғылымының алғашқы кезеңіндегі зерттеулердің қазақ әдеби, ғылыми сынына негіз болғанын ерекше бөліп айтады. Кәкішев «Абайдың сатирасы» (Абай тағылымы, Алматы, 1986) және «Асылдың сынығы» («Лениншіл жас», 20. 05. 1970) атты мақалаларында Абай шығармаларының тақырыптық- идеялық және көркемдік ерекшеліктеріне назар аударса, «Орыс ориенталистері Абай туралы» деген мақаласында («Ертіс», 22. 09. 1963) орыс зерттеушілерінің Абай жайында айтқан пікірлері мен берген бағаларына талдау жасайды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

  • 1979 Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
  • 1950 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.

«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, «Мектеп» баспасында аға редактор міндетін атқарған.

  • 1952–58 Қазақстан Компартиясы ОК-нің Партия тарихы институтының ғылыми қызметкері,
  • 1960–68 Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды.
  • 1968 жылдан Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент (1968–78), декан (1978–86), кафедра меңгерушісі
  • 2000 жылдан осы университеттің профессоры

«Қазақ әдеби сынының туу және қалыптасу жолдары» деген тақырыпта докторлық диссиртация қорғады.

Шығармалыры

1967 «Дәуір суреттері»,
1971 «Сын сапары»,
1982 «Оңаша отау»,
«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» (1994), т.б. еңбектерінде қазақ әдебиеті мен сынының тарихы терең зерттелген. Кәкішев «Қазақ әдебиетінің тарихы» (3-т., 1–2-кіт., 1967), «Қазақ кеңес әдебиеті тарихы» (1970, орыс тілінде), «Көп ұлтты кеңес әдебиетінің тарихы» (1970, Мәскеу) сияқты еңбектерді жазуға қатысты.
Сәкен Сейфуллинге арналған

С.Сейфуллиннің шығармалары өмір жолын баяндайтын «Сәкен Сейфуллин» (1967; орыс тілінде, ЖЗЛ сериясы бойынша, Мәскеу, 1972),

1968 «Қызыл сұңқар»,
1976 «Сәкен Сейфуллин. Өнегелі өмір»,
1994«Сәкен және Гүлбаһрам»,
1994 «Сәкеннің соты»,
1997 «Сәкен Сейфуллин»,
2000 «Мағжан және Сәкен» атты еңбектерін жазды.
Өзге
1992 «Санадағы жаралар»,
1995 «Кер заманның кереғар ойлары», т.б. жинақтарында қазақ әдебиетінің өткені, бүгіні жайлы толғаныс-пікірлері топтастырылған.
1978 «Ұштасқан үш өзенмен»,
1983 «Жол үстінде 80 күн»,
1986 «Садақ»,
1989 «Жасампаз өлке» атты сапарнамалық кітаптары жарық көрді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub