Тұрлықожа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрлықожа Жансеркеұлы (18631917, Алматы облысы Райымбек ауданы Сүмбе ауылы) – болыс, Қарқара көтерілісі басшыларының бірі. Тегі албан руы, айт тармағының сүйіндік атасынан шыққан.

4 сайлау мерзімінде 12 жыл бойы (19041916) айт руының болысы болған. Жаркент уезінің 4-учаскелік келісім сотының 1916 жылы 26 шілдедегі 820-қаулысында Тұрлықожа туралы төмендегідей мәлімет берілген: “53 жаста, қазақ, айт болысынан, заңды некеде туған, кәсібі – малшылық, мұсылман, бай, 1-дәрежелі шапан, үлкен алтын медальмен марапатталған”.

1916 жылы 7 шілдеде Тұрлықожа Жаркент уезді, НарынқолШарын бөлімшесінің приставы Подворковтан майданға тыл жұмысына адам беру жөнінде тапсырма алды. 10 шілде күні Қабан – Қарағай жайлауындағы Ұзақ батырдың үйінде болған игі жақсылардың жиынына қатысқан ол патша жарлығына қарсы шығып, қарулы көтеріліс ұйымдастыру туралы келісімге қосылды. 11 шілдеде Қарқара жайлауындағы Айттөбеде болған ереуілде айрықша белсенділігімен көзге түскен оны шілденің аяғында алғашқы 16 адаммен бірге Қарақол түрмесіне қамап, “аса қауіпті қылмыскер” ретінде ату жазасына кесті. 12 тамыздың түнінде Қарақол түрмесіндегі тұтқындарға қарулы әскер кенеттен оқ жаудырды. 138 адам қаза болған қолдан ұйымдастырылған жаппай қырғыннан Әубәкір Солтанбекұлы, Біләл Разақұлы және Тұрлықожа аман құтылды. 1917 жылдың күзінде қытай қалмақтары мен қазақтар арасындағы жылқы дауына байланысты Құлжа қаласындағы тиісті орындарға барып, мәселенің оң шешілуіне ықпал жасаған Тұрлықожа елге келісімен науқастанып, бір аптаның ішінде қайтыс болды. Сүйегі Сүмбе өзенінің бойындағы әкесі Жансеркенің жанына қойылды. Ел ішінде “қалмақтар үзеңгісіне у жағып жіберіп, қазасы содан болған” деген әңгіме бар.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұрлықожа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}