Түменбай Қалжанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түменбай Қалжанұлы (1955 жылы туған, Форт-Шевченко ауданы Сығынды ауылы) – мал дәрігері. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институттын (қазіргі ҚазҰАУ) (1978), Орта Азия университеттін бітірген (2000). 1978 жылы Ералиев ауданы Ералиев атындағы кеңшарда ферма зоотехнигі, 1978 – 84 жылы «Қарақұдық» кеңшарында ферма меңгерушісі, 1984 – 88 жылы «Қызылөзен» кеңшарында партия комитетінің хатшысы, 1988 – 98 жылы «Түпқараған» кеңшарында директор, 1998 – 99 жылы Жаңаөзен қаласының әкімінің орынбасары, 1999 – 2003 жылы Түпқараған ауданы әкімі, 2003 жылдан Маңғыстау облысы бойынша көші-қон басқарма бастығы қызметтерін атқарады. Форт-Шевченко қаласының қайта өрлеуіне, Каспий қайраңынан мұнай-газ барлау жұмысының өрістеуіне үлес қосты. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына күш салды.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref>«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; </ref> <ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; </ref> <ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; </ref> <ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}