Түз құсын жуасыту және баулу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түз құсын жуасыту және баулу. Бұл нәтиже де өнбей қоюы мүмкін өте қияметті, қызығы мен әуресі көп шаруа. Қолға түскен түз бүркітіне ең әуелі томаға кигізіліп, аяқбау тағылады. Егер түз құсы қыста қолға түссе тәкаппар да, тағы түз құсы ішқұсаланып, күйініп өліп кетпесі үшін сықпалаған қар, мұз береді, басқа маусымда су жұтқызады. Өйткені қолға түскен тағы құс адамнан зәресі ұшып, жемсауындағы жемді қорыта алмай қалады. Жуасытудың бір амалы - қөстың көзінің қарашығына тиігізбей, астыңғы-ұстіңгі кірпіктерін жіп сабақталған инемен "тігіп" қою. Оған аттың құйрық қылын алып, төменгі қабағын жоғары көтеріп, желкеге байлайды. Ол құстың тез жуасуына септігін тигізеді. Оны көбіне ұсақ құстарға көп

қолданатын амал. Мұндайда арыны қайтып қолға үйренген

құс тез жуасып кетеді. Түз бүркітін тез жуасыту үшін суға салып, көңге аунатып, көң шашып, сабынды сумен жуып құстың түздік, иісін кетіреді. Ал құсбегінің өзі жағымсыз иіс-қоңыстан аулақ болмаса бүркіт те оны қабылдамайды. Онан соң қолға үйретілмеген түз құсы адамға аяқ салып жараламас үшін бүркіттің аяқтарын жіңішке қайыспен тұсап байлап қояды. Оған жылы қабақ танытып, адамның жау емес, дос екенін "ұқтырады". Құсбегі тағы түз бүркітінің оқыс қылықтары мен қияңқылығына асқан төзімділік танытып, ашуланбауы керек. Құсбегі өзі де құстан жөн-жосықсыз қорқа

бермеуі керек. Себебі адамның қорыққанын бүркіт дереу сезетін аса сезімтал жануар. Сондықтан да ересек түз құсың

үйретудің кез келген кезеңінде құсбегі қолға отырғызған кезде адамның өзі жүректі, ақылды, байқағыш кешірімді, сезімтал және төзімді болуы талап етіледі.Бұл әдістерге көндікпесе, ырғаққа отырғызады. Көбінде түн уақытында ауыл адам дарын жинап, ән салып, күй тартқызып, дуылдатып уйқысын алдырып, шаршатады. Оңды-солды қозғалған, ойнақшыған әткеншек - ырғақта жығылып қалмас үшін бүркіт қарманып, тыртысып отырады да ақырында (асқан асаулары 3 -4 күн өткенде) ұйқысы қашып, соңында болдырып меңзең болып қалжыраған күйге түседі. Осыдан кейін-ақ адамға үйір болып жуасып, ырыққа көніп, тыпырлап, қарсыласуын азайтады. Аушы құс өте кекшіл келетіндіктен бүркіттің саусақтарын тарай ашып, шеңгелін қысып отырмауға дағдыландырады. Қолға үйретудің қимыл әрекеттеріне төзбей семіздіктен, асаулықтан түтігіп қызылмай болуы, тіпті зарығып өліп кетуі мүмкін. Ондайда жемсауына түтікпен аздаған суық су, қара шай құяды немесе мұз жұтқызып, ішін салқындатып отырады. Асау, тегі дегдар құс адам қолынан төрт-бес күн нәр татпаса, сапты аяқтың ернеуіне бір шеңгел қызыл (ет) қойса, аш екендігі ойына түсіп, желке шудасы дүрдиіп құрылдайды да, етті қақшып жейді. Егер жемесе, аяқ бауынан басып тұрып, үстіне атша мініп, топшыларын екі қолмен басып, орақ тұмсығын жоғары көтеріп, аузын аштырады да, көмейіне бірнеше түйір ет тастайды. Осындай әрекет амалдарды қолданған соң біршама жуасып, арыны қайтқан бүркіттің аяғына бау тағып, түғырға қондырып, жайлы орынға байлайды. Бір аптадай сары бөртпемен тамақтандырады. Томағасын алып тастап, үй маңындағы малдарға көзін үйретіп, ертелі-кеш қолға алып, еркелетіп мәпелейді. Құсты алақанымен сылап-сипап, денесіндегі қытығын жазып,"кә-кә", "әйт-әйт", "бопым-бопым (попым-попым)" деген түрлі дыбыстарға үйретіп, жұмсақ мінезбен өзіне үйір етеді. Атқа алып жүрген кезде томағасын алып-салып, артық беталды талпынғанда жібермей, бетін қайтарып торықтырып икемге келтіреді. Әбден сенімді түрде бауыр басқан құсты қолға шақыру басталады. Ол үшін биялайдың алақанына бір кесек ет тастап, "кә-кә", "кәу-кеу" деп, жұмсақ үнмен дауыстап, шақырып жегізіп үйретеді. Осы дауысқа әбден үйренсе, кейін иесінің даусын жазбай танитын болады. Бүркітті қолға шақырып жүргенде түз құсы қашып кетпес үшін оның құйрық қауырсынын сүзіп байлап қою міндетті түрде талап етіледі. Беретін жемді қансөлінен арылтып ақ жем етіп аз-аздан өлшеммен беріп, жаратып, етін қатырады. Сақа құсбегілердің тәжірибесіне қарағанда үш аптаның ішінде түз бүркіті жуасиды, қолға үйренеді. Бүркітті тұғырға қондырып үйреткенде сол жақ аяғының білегінен немесе ортаңғы саусағынан ұстап, демеп қондырып үйретеді. Қолға қондыру да осымен бірдей болады. Бүркітті оң қолға қондырып, сол қолмен томағалайды. Асау бүркітті үнемі басынан бастап, әр мүшесін сылап-сипап, қытығын жазып, жақындап жанасып, жеммен алдап-сулап, томағасын алып-салып, адамға үйір болдыруға көндіктіреді. Саусақтарының буындарын ұстап, ашып-жұмып шаппайтын, қыспайтын етіп үйретеді. "Кә-кә, қыраным" деген дауысқа үйретіп, онан соң атқа алып жүруге ауысады. Уақыт өте келе шақыру, шырғаға үйрету жалғасады. Еті азайып, ашыққан құс жемге місе тұтпайды. Жем көргенде қылмыңдап тесіле қарап, төзімсізденеді. Сол кезде туралған еттен бір жарым кесек алып биялайды қолға киіп, алақанға салып жегізіп, дәніктіреді. Осы әдіспен келе-келе қолдан жемді жұлып жейтін болады. Құсты баулудың қатып қалған ережесі жоқ, әр құстың мінезі, тегі, күйі, жасына қарай және құсбегінің өзіндік тәжірибесі мен салатын аңына байланысты жүріледі. Түз құсына аң алуды үйретудің қажеті шамалы болғандықтан, оған шырғаға тарту, тірілеу үрдістерін жасау артық.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}