Түзелбай Кірбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

КІРБАЕВ Түзелбай (01.03.1930, Шу ауданы Ақтөбе а. – 15.04.1978, Көкшетау қ.) – қоғам қайраткері. Мәскеудегі Калинин атынд. түсті металдар ин-тын, Қазақ мемл. а. ш. ин-тын бітірген (1953). Шу ауданында Мойынты – Шу т. ж. құрылысындағы комсомол ұйымының жетекшісі болған. 1953 жылдан бастап Көкшетау облысы, Володар ауданындағы Грачев МТС-ның шеберхана меңгерушісі, бас инженері, директоры, «Заветы Ильича» кеңшарының директоры, Володар ауданы атқару к-тінің төрағасы. 1970 – 78 ж. Көкшетау облысы атқару к-ті төрағасының бірінші орынбасары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Төрт рет Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы ордендерімен марапатталған. Шу қ-ндағы бір көше оның есімімен аталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Түзелбай Кірбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}