Тілектес Исабайұлы Есполов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Тілектес Исабайұлы Есполов (15 мамыр, 1952 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында туған) — ғалым. Экономика ғылымдарыың докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ Ұлттық аграрлық универстиетінің ректоры. Қордай ауданының Құрметті азаматы.

Толығырақ

Еңбек жолы

  • 1975 -1978 жылдары Қазақ ауылшаруашылық институтының Комсомол комитетінің хатшысының көмекшісі;
  • 1978 – 1981 жылдары Гидротехникалық және мелиорация институты кәсіподақ комитетінің төрағасы;
  • 1982 – 1993 жылдары Қазақ ауылшаруашылық институтының доценті, Зертханасының аға оқытушысы;
  • 1993 – 1995 жылдары Алматы индустриалды колледжі директоры;
  • 1995 – 1997 жылдары Алматы индустриалды колледжі директоры;
  • 1997 – 2001 жылдары Алматы индустриялық-педагогикалық академиясының ректоры;
  • 2001 жылдан бастап Қазақ Ұлттық аграрлық универстиетінің ректоры.

Еңбектері

«Проблемы оценки и управления воспроизводством ресурсного потенциала аридной территории Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты табиғи су-жер ресурстарын толық және ұтымды пайдаланудың негізінде еліміздің агроөндірістік кешенінің экология-экономика тиімділігін арттыру болып табылады. Тілектес Исабайұлы Есполов 100-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Жамбыл облысы Қордай ауданының құрметті азаматы (2005). «Парасат» орденімен (2005) марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Ғылыми атақтары

Мемлекеттік марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер