Трассалау жұмыстары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Трассалау жұмыстары — жергілікті жер жағдайы бойынша каналдың бағытын, сызығын, жолын немесе басқа да имараттардың орналасу жағдайын белгілеуге немесе анықтауға арналған жұмыстар.

Трассалау жұмыстарының міндеті — барлық техникалық талаптарды орындай отырып, экономикалық тұрғыдан тиімді және мақсатка сай болатын канал трассасы бағытын табу. Трассалау жұмыстары алғашқы кезеңде екі тұрғыда жүргізіледі:

1) жалпы экономикалық мақсатқа сәйкестік негізінде трасса бағыты таңдалады;
2) жергілікті жер бедері ескеріле отырып техникалық тұрғыдан мүмкін болатын бағыт бекітіледі.

Трассалау жұмыстары бойынша каналды немесе жолды трассалау кезінде жөндеу жұмыстарының ең аз мөлшерде болуы және оның тиімді үлестірілуі, қиылысу, бұрылу имараттары санының аз болуы және олардың ыңғайлы орналасуы, қалыптасқан және шаруашылық орталық жобалаған трассалар бағытымен салыстырыла экономикалық мақсатқа сәйкес орналасуы ескеріледі. Трассалау жұмыстарына әдетте, канал, жол, имарат, бөгет тұстамасын, жұмыс сызбасын жасау және құрылыс салу жұмыстары да кіреді. Жобаларды іске асыру кезіндегі геодезиялық жұмыстардың құрамы трассалау жұмыстары сипатында болғанымен, олардың бірқатар геодезиялық ерекшеліктері болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Трассалау жұмыстары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}