Тоққожа Мұқажанұлы Қожағұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Суретші

Тоққожа Мұқажанұлы Қожағұлов 1962 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Нарынқол ауданы Жамбыл ауылында туған. Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының шығармашылық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі. Ғалым, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры (2004), педагогика ғылымдарының кандидаты (2007), ҚР Көркем академиясының корреспондент мүшесі (2008), ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1995), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1998).

Алматы облысында дүниеге келген. 1894 жылы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының көркемсурет – графика факультетін бітіріп, Қазақ ССР ағарту министрлігінің жолдамасымен Жамбыл педагогикалық институтына жіберіліп, аталған институтының оқытушысы болып жұмыс істеді (1984-1987). 1987 жылдан Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының көркемсурет – графика факультетінде оқытушылық қызметте. Көркемсурет – графика факультеті деканының тәрбие-ісі жөнінідегі орынбасары (1991-1994), КГФ деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары (1994-1996), академиялық живопись кафедрасының меңгерушісінің орынбасары (1996-2008), Абай атындағы ҚазҰПУ живопись кафедрасының меңгерушісі (қосылған академиялық және станоктік живопись кафедрасы) (2008 жылдан осы уақытқа дейін).

Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлы өзінің ғылыми ізденіс жұмысын «Развитие живописных умений студентов начальных курсов художественно – графических факультетов педагогических вузов» атты тақырыбын бірізділікпен және жүйелі түрде жүргізді. Ол 2007 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде 13.00.02 – теория мен оқыту әдістемесі және тәрбие (жалпы орта білім, кәсіби және жоғары мектептегі бейнелеу өнері) мамандығы бойынша қорғады.

Профессор Т.М. Қожағұлов – 30-дан аса ғылыми мақалалардың, 1 монография, 4 оқу-әдістемелік құралдың, 050107 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша типтік бағдарламаның қосалқы авторы және «Тұлғат» атты творчестволық жұмыстарының каталогын шығарды (2011). Бүгінгі күнде живопись кафедрасында профессор Т.М. Қожағұловтың жетекшілігімен жаңа перспективалық бағытта ғылыми – ізденіс жұмыстары жалғасын тауып, ЖОО студенттерді кәсіби көркемдікке даярлау мәселелері, живописьтік біліктілікті дамыту сұрақтары, живопистік көру, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің кәсіби компетенциясын дамыту т.б. және живописьтің әртүрлі жанрларында творчестволық жұмыс істеу қолға алынған. Т.М.Қожағұлов ғылыми жұмысымен қатар, творчестволық жұмыстарымен облыстық, республикалық, бүкілодақтық, халықаралық көрмелерге үзбей қатысады (1987 жылдан). 1989 жылы ҚазССР суретшілер одағының басқарма шешімімен КСРО суретшілер одағының жас суретшілер бірлестігінің мүшелігіне қабылданды. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен өнер саласында жоғары табыстарға қол жеткізгені үшін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. Оның көркемдік туындылары Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Түркия, Алмания, Жапония, Балтық жағалауы елдері және Қазақстанның жеке азаматтарының қолында. Т.М. Қожағұлов Жамбыл атындағы халықаралық (1996) және Мұқағали Мақатаев (2008) сыйлықтарының иегері. Т.М. Қожағұловтың ғылыми және қоғамдық қызметі бағаланып Абай атындағы АлМУ, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотамасымен (2009), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталған.


<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref> <ref>«Ана тілі» Ұлт газеті. «Алғашқы сурет дәптерім қара жер болатын…»</ref> <ref>Дауылпаз ақын атындағы әдеби порталы. Тоққожа Қожағұлов. «Алғашқы сурет дәптерім қара жер болатын…»</ref> <ref>Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы</ref> <ref>Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Кескіндеме» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор</ref> <ref>Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлының ресми сайты</ref> <ref>ОФИЦИАЛЬНАЯ СТРАНИЦА ВК</ref> <ref>«Қылқаламның» қонағы - портрет шебері Тоққожа Қожағұлов facebook-та қарау</ref> <ref>Таңшолпан - Қожағұлов Тоққожа</ref> <ref>Ғажайып туынды - Қожағұлов Тоққожа</ref> <ref>Қожағұлов Тоққожа - Өмір дастан</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}