Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұлов (15 қаңтар 1932 жыл Талдықорған облысы, Алакөл ауданы Қарлығаш ауылы) - Филология ғылымдарының кандидаты. Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі. Қазақстан тарихи-әлеуметтік және құқық қорғау «Әділет қоғамы басқармасының» мүшесі. Қазақстан Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі.

1950 жылы Лепсі педучилищесін, 1956 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін, 1966 жылы Мәскеу Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін тамамдаған.

Жұмыс баспалдағы

Еңбек жолын 1943 жылы колхоздың қара жұмысынан бастаған ол Сарқан ауданындағы Аманбөктер жетіжылдық мектебінде бір жыл мұғалім, 1956 жылы Фурманов ауылындағы мектепте ұстаздық қызмет атқарыл, сол жылдың қазан айында Андреев аудандық комсомол комитетінің екінші хатшылығына сайланған. 1957 жылы Талдықорған облыстық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1959 жылы Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарған. 1962—1964 жылдары Алматы облыстық партия комитетінде нұсқаушы және лекторлар тобының жетекшісі, бірнеше жыл радио мен телевизия саласында, Алматы облыстық радио және телевизия басқармасы бастығының орынбасары, одан кейін Бас редакция болып қайта құрылған редакцияның аға редакторы, Бас редакторы болып істеген. 1973 жылы Қазақ КСР Телевизия және радиохабары мемлекеттік комитетінің Жергілікті телевизия және радиохабары Бас редакциясының Бас редакторы және коллегия мүшесі, 1980—1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің телевизия және радио секторының меңгерушісі, 1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспасөзде мемлекеттік құпияны сақтау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

Еңбегі

  • «Әкелер даңқыжолымен» (1973),
  • «Кеудесін оққа тосып» (1975),
  • «Б.Майлин — публицист» (1979),
  • «Қанатты қаламгер» (1983),
  • «Біздің ауыл Үшқайың» (1993),
  • «Дарын даналығы» (1994),
  • '«Желтоқсан ызғары» (1994),
  • «Сарбиік сағасында» (1995),
  • «Толғауы тоқсан тағдыр» (2000),
  • «Бейімбетті атқан кім?» (2000),
  • «Үйгентасөңірі» (2001),
  • «Таңшолпан жарқырап туды» (2002),
  • «Майлышат» (2003) деген деректі-публицистикалық кітаптары жарық көрген. 300-ге тарта мақала жазған, оның 60-ы Б.Майлиннің өмірі мен творчествосына арналған.
  • «Би аға» естеліктер жинағын құрастырған,
  • «Қилы заман азабы»(2003),
  • «Бейімбет Майлин және ұлт өнері» (2005) атты деректі-публицистикалық эссесі басылып шыққан. Б.Майлиннің әңгімелері, өлең-поэмалары, пьесалары мен повестерінен құралған алғашқы 5 томдық кітабын жарыққа шығарған. 2008 жылы бес томдық шығармаларының жинағы шыққан. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Жетістіктері

Бейісқұлов екі рет Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Құрмет Грамотасымен (1981, 1982), «Еңбектегі Ерлігі үшін» (1970), «Еңбек ардагері» (1989) сияқты медальдармен марапатталған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub