Тоқтар Арынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоқтар Арынов (11.5. 1942 жылы туған, Шыңжаң Ұйғыр АР, Құлжа қаласы, — 3. 10. 1988) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1983).

ӘлФараби атындағы ҚазМҰУ-ды бітірген (1968). 1968-1971 ж. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих, этнография және археология институтында аға лаборант. 1971 жылдан өмірінің соңына дейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында алғаш кіші, одан соң аға ғылым қызметкер болып еңбек етті. Ә.Құрышжановтың жетекшілігімен "Китаб ат-тухфа аз-закийа фи лұғат-ат-тұр кийа" көне қыпшақ ескерткішінің лексико-семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Осы мерзім ішінде ғылым жинақтарда этнолингвистикаға байланысты 80-нен астам мақалалар жариялады. Он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің" 210-томдарын құрастырушылардың бірі.

Шығармалары:

  • Лексико-семантические и стилистические особенности языка старокыпчакского памятника "Китаб аттухфа аз-закийа фи лүғат-ат-тұр кийа ". АКД., А., 1981;
  • Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 210 т. А., 1986 (кұрастырушылардың бірі).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}