Тоқберген Саботаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саботаұлы Тоқберген (1793, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы) – 1865, Талас ауданы, Үшарал ауылы) – белгілі би, датқа. Жас кезінде Қоқан ханына қызмет етіп, датқа атанған. Бұқара қаласында Ұлбике ақынның Күдері қожамен айтысын ұйымдастырған. Кейіннен ханның зорлықтарына қарсы шыққан қазақтардың 1821 және 1848 ж. болған көтерілістерін ұйымдастырушылардың бірі болған. 1853 ж. орыс генералы Перовский Ақмешітті алғаннан кейін біржолата Ресейге қосылуды жақтаған. 1858 ж. Қоқан ханының зекетшісі Мырзабиді жасақтарымен қоса өлтіргеннен кейін қуғын-сүргіннен қашып, Арқа жақты паналаған. 1864 ж. генерал Черняев Әулиеата мен Шымкентті басып алғаннан кейін өз қоластындағы рулардың Сыр бойынан Талас өңіріне көшуін ұйымдастырған. Тараз қаласында Тоқберген атындағы көше бар. Ә. Садықбеков <ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}