Тото Мазартайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тото Мазартайұлы (13141355) – Юань әулеті тұсындағы белгілі қоғам қайраткері, меркіт руынан шыққан қытай тарихшысы. Жасынан әкесінің ағасы Баянның қолында өскен. 15 жасынан ханзадаға хатшы болған. 13281330 ж. дарухуаш, уәзір міндеттерін атқарды. 1331 ж. кеңесшілер мүшесінің құрамына кірді. 1340 ж. патша жарлығы бойынша Ван Джиебан, Арулармен бірігіп Баянды биліктен тайдырды. 1341 ж. императордың уәзірі болып тағайындалды. Қол астындағы қызметкерлерді арнайы байқаумен алу жүйесін қалпына келтіреді. Сунь, Ляу және Джин патшалықтары тарихын жазуға ат салысып, “тарлан уәзір” атанды. 1352 ж. “Қы-зыл орамалдылар” көтерілісін басып, қырғынға ұшыратты. 1354 ж. соғыста жеңілгендіктен орнынан алынып, Уннаньға айдалды. Қарсыластары у беріп өлтірген.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}