Торғын Жылқышықызы Тасыбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Торғын Жылқышықызы Тасыбекова (15 тамыз 1938 жыл, Алматы облысындағы Іле ауданында Ынтымақ ауылында) – актриса, Қазақ КСР-інің халық артисі (1991). Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актирсасы. ҚР мемлекеттік степендиясының иегері.

Жалпы мәлемметтер

1961 ж. Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік ф-тін (проф. А.Тоқпановтың жетекшілігімен) бітіргеннен кейін Қазақтың мемл. академ. драма театрының труппасына қабылданды. Осы театрда алғаш ойнаған рөлі – М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай трагедиясындағы” Мағыш. Торғын әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің көпқырлы сахналық-орындаушылық өнерімен көрермендер ілтипатына бөленді.

Актриса ойнаған рөлдері қатарында Жансұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев], “Беу, қыздар-ай”), Айбала (Ә.Тәжібаев, “Той боларда”), Баян (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Әйгерім (Б.Римова, “Абай– Әйгерім”), Ақбала (Әуезов, “Қарагөз”), Әлиман, Бекей (Ш.Айтматов, “Ана – Жер-ана” мен “Ақ кеме”), Луфти (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі”), Лаура (А.С. Пушкин, “Шағын трагедия¬лары”), Корина (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), Марселла (Лопе де Вега, “Қызғаныштан махаббат”), Бьянка (У.Шекспир, “Асауға тұсау”), т.б. бар. Торғынның актерлік өнері лирикалы-драм. бояуы молдығымен, айшықты, сыңғырлаған сөз сазымен, әдемі сахналық қимыл-қозғалысымен ерекшеленеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Марапаттары

  • "Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі"
  • "Қазақ КСР халық артисі" (1991)
  • «Құрмет ордені» (2006 жылы)
  • «Парасат ордені» (2016 жылы)
  • ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері (2016жылғы).

Жеке өмірі

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub