Тораман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тораман – ақ ғұндардың (эфталиттердің) атақты қағаны (490 – 515). 5 ғасырда Иранның Сасани әулетімен соғыста жеңіске жеткен Ақ ғұндар мемлекеті оларды көп жылдар бойы салық төлеуге мәжбүр етті. Тораман мемлекет басына келісімен Ақ ғұндар одан бетер күшейді. Үндістан түбегіндегі дағдарысты ұтымды пайдаланған Тораман Гандхар аймағын (Солт.-батыс Үндістан) түгелдей өзіне қаратты. Жергілікті билеушілердің көмегімен 500 жылға дейін Джамна-Ганга өңірін түгелдей, Инд өз. өңірін (қазіргі Раджастхан), Орт. Үндістанның көп бөлігін (Мальва аймағы), т.б. жерлерді басып алды. Тораман тұсында Ақ ғұндар мемлекетіне Үндістан, Пәкстан, Ауғанстан және Орт. Азия жерлері түгелдей бағынды. Тораман қайтыс болғанда орнына баласы Михиракул (515 – 540) отырды. Үндістан өз тәуелсіздігін 540 ж. Михиракул өлген соң ғана алды.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}