Топтық шешім қабылдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Топтық шешім қабылдау - топтың барлық мүшелері үшін ортақ міндетті орындау кезінде өзара ақпарат алмасу жағдайында топ жүзеге асыратын баламалардың бірін таңдау. Toп болып шешім қабылдау рәсімі топтық пікірталастағыдан өзгеше болады, топ мүшелері пікірлерінің міндетті түрде үйлестірілуін көздейді, ал топтық пікірталас болса, ол, әдетте, топ болып шешім қабылдаудың алдындағы кезең деп қарастырылады. Жекелеген жағдайларда топ болып шешім қабылдау ақпарат алмасудың шектелу жағдайында, топ мүшелері өздерінің әуел бастағы шешімдері туралы хабарлай ғана алатын кезде пайдаланылады. Toп болып шешім қабылдауды қатысушылардың өзара әрекеттестігінсіз индивидуумдық шешімдерден топтық шешімдерге өтуден ажырата білу керек. Топтық шешім қабылдау процесін эксперименттік зерттеуді К. Левин бастап, топтық пікірталастың қабылданатын шешімдердің сипатына ықпалын қарастырды. Осы бағыттың шеңберінде тәуекелге және топтық қарама-қарсылыққа қарай ойысу феномендері анықталып, мұның өзі топтық шешімдерді индивидуумдық шешімдердің жиынтығына саюға болмайтынын, топтық шешімдер топтық өзара әрекеттестіктің тән сипатты өнімі болып табылатынын көрсетті. Индивидуумдық шешімдермен салыстырғанда топтық шешімдердің сапасы неғұрлым жоғары болатыны дәлелденген. Осының өзінде пікірталас процесінде топтық шешімдердің сапасын төмендететін қайсыбір деформациялар болуы мүмкін екендігі (атап айтқанда, тәуекелге қарай ойысу) көрсетіледі. Индивидуумдық және топ болып қабылданған шешімдердің салыстырмалы құндылығы туралы мәселені зерттеу кезінде батыс елдерінің психологиясы топтық даму деңгейін ілікке алмайды, ал топ болып шешім қабылдау саласындағы әр алуан зерттеулердің нәтижелерін бағалау және талдау кезінде оның есепке алынуы қажет.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}