Теңіз халық театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Теңіз халық театры - әуесқой драма ұжымы. Атырау облысының Теңіз ауданы Мәдениет үйі жанында 1955 жылдан жұмыс істеп келе жатқан драма үйірмесі негізінде ұйымдасқан.

1959]] ж. драма ұжымы Алматы қалысында болып, Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібегін" көрсетті; осыған орай ол Республикалық халық театрлары байқауының лауреаты атанып, Қазақстан Мәдениет министірінің 1-дәрежелі дипломымен марапатталды. Сол жылы ұжымға халық театры атағы берілді. Оның құрамында Бүкілодақтық және Республикалық байқаулардың лауреаты А.Қаюпова, А.Бекешева, А.Елеуов, т.б. бар. 1955 жылдан театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Д.Ғұмаров болды.

Спектакльдері: Б.Майлиннің "Шұғасы", М.Әуезовтің "Қарагөзі", Ш.Құсайыновтың "Рәбиғасы" мен "Біздің Ғаниы", Э.Н. Раннеггің "Адасқан ұлы", т.б. 1964 ж. Мәскеу қаласындағы Кремль театрыңда өнер көрсетті. Республика халық театрлары байқауының лауреаты (1964, 1981).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}