Темірәлі Бақтыгереев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақтыгереев Темірәлі (23.7.1950 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Березин ауылы - 17.08.2014, Алматы) — композитор.

1967 ж. орта мектепті, П.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесін, 1993 ж. ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін сырттай бітірген. Саратов қаласындағы Сабанов атындағы консерваторияда оқыған. 1970 ж. баяншы ретінде Орта Азия әскери ән-би ансамблін құруға қатысқан.

Композитордың «Барып қайт балам, ауылға» (А. Қадырбаеваның сөзіне жазылған), «Ғашықтар сенімі» (Ж.Қашқыновтың сөзі), «Сағыныш» (Ф.Оңғарсынованың сөзі), т.б. өндері жұртшылық арасында кең тараған. Бақтыгереев мерзімді басылымдарға музыка өнері және өнер қайраткерлері туралы танымдық мақалалар жазын тұрады.

«Барып қайт, балам, ауылға» (1999), «Әнімді саған арнадым» (2001) атты аудиоальбомдары шыққан.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref> Ширек ғасырдан астам шығармашылық қызметінде ол 300-ден астам әннің авторы атанды. Сазгер 2004 жылы жол көлік апатынан кейін мүгедек боп қалған еді.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub