Теміртаулық жауынгерлер ескерткіш-обелискісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Теміртаулық жауынгерлер ескерткіш-обелискісі, Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) құрбан болғандарға 1974 жылында Теміртау қаласының Ю. А. Гагарин атындағы алаңында орнатылған. Мүсінші С. Б. Назарян. Ескерткіш аландағы сквермен сәтті үйлесім тапқан. Аласа тұғырда тұрған плащ-палажадағы жауынгер тұлғасы (биіктiгi 10,5 м) жоғары жағында мысты цифрлары («1941-1945») бар тік қосарланған пилон фонында орнатылған. Күңгірт металдан құйылған жауынгер тұлғасы ашық түсті пилон фонында айқын ажыратылады. Силуэттің жарқын сызықтары ескерткішке камералық сипат береді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}