Темкен Мұқашұлы Жәутіков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жәтіков Темкен Мұқашұлы (18.7.1932 жылы туған, Павлодар облысы Лебяжі ауданы Төсағаш ауылы) — ғалым, геология-минералдық ғылымының докторы (1988). 1955 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. 1955 — 1970 жылдары Шығыс Қазақстан геология басқармасының экспедицияларында геолог, партия бастығы, аудандық аға геолог қызметтерін атқарған. 1970 жылдан Геология ғылымдар институты Алтай бөлімінің меңгерушісі, институттың жетекші ғылыми қызметкері, асыл металдар лабороторяның меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері колчедан-полиметалл және алтын кен орындарының жер қыртысында орналасу заңдылықтарын зерттеуге, олардың қорын болжаудың геологиялық негіздерін жасауға арналған. Қазақстандағы алтын кен орындарын жіктеп, кентас орналасатын құрылымдарды анықтады. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1996). “Еңбек даңқы” медалімен марапатталған (1970).<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Темкен Мұқашұлы Жәутіков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}