Телісжан Құрманұлы Айтқазин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Телісжан Құрманұлы Айтқазин (10.7.1947 ж.т., Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Лебяжье ауылы) – философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (2001), ҚР Әлеуметтік ғылыми академиясының академигі (2000).

ҚазМУ-дың (1976, қазіргі ҚазҰУ) философия-экономика факультетін және аспирантурасын (1982) бітірген. Павлодар индустриялық институтында оқытушы (1976–79, қазіргі Павлодар мемлекеттік университеті), аға оқытушы, доцент (1982–86), кафедра меңгерушісі (1986–96), Павлодар мемлекеттік университетінің оқу-ғылыми кешенінің директоры (1996–97), Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі (1997–2001), Еуразия ұлттық гуманитарлық институтының профессоры (2001–03; 2008 жылдан профессор), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы Мемлекеттік басқару институтының директоры (2003–05), Семей мемлекеттік педагогика институтында кафедра меңгерушісі (2005–08) болып қызмет атқарады. «Қазақтардың қоғамдық мұраттарына тарихи-философиялық талдау» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. Ғылыми-зерттеулері қазақ мұраттарының ерекшеліктерін, оның халық тарихында алатын орны мен атқаратын міндеттерін, тарихи-әлеуметтік және қоғамдық мән-мағынасын талдауға арналған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Шығармалар

  • Қазақтардың мұраты, А., 1994;
  • 15–20 ғасырдағы қазақтардың қоғамдық мұраттарының қалыптасуы және дамуы, А.,
  • Қазақ ойшылдарының қоғамдық мұраттары, Аст., 2005.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Телісжан Құрманұлы Айтқазин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}