Таңат Нөсербаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Футболшы

Таңат Әкімжанұлы Нөсербаев (қаңтардың 11987) - Қазақстан футболшысы. Қазақстан құрамасының шабуылшысы.Қазақстанның ең жылдам ойыншыларының бірі.

Тарихы

2005 жылы Шымкенттің «ААЭиС» әуесқой клубында жарқын ойынымен көзге түскен Таңат, Ордабасының жастар командасына ілінді. Кейін 2006 жылы негізгі құрамда алғашқы кездесуін өткізіп, аз ғана уақыттың ішінде Ордабасының ең басты шабуылдаушы күші болып үлгерді.

2008 жылдың Ақпанның 20-сында Қазақстанның жастар құрамасында алғашқы кездесуін өткізді. Польшамен болған ойында Таңат дубль жасады. 2008 жылдың қазанында Қазақстанның Ұлттық құрамасында алғашқы кездесуін өткізді. Құраманың жейдесін Таңат алғашқы рет Уэмбли стадионында Англия құрамасына қарсы ойында киді. Сол ойында Таңат ең үздік ойыншылардың бірі болды.

Жастар құрамасындағы жарқын ойынынан кейін Таңатқа шетелдік клубтар қызығушылық тынытты. Соның ішінде Швейцарияның Янг Бойзыда бар. Таңаттың ойынын көруге шақырған Янг Бойз, дербес шарттардың келіспеуіне байланысты Таңат Ордабасыда қала берді.

Таңаттың трансферлік құны 500 мың еуро

2010 жылғы маусымның ортасында жарақатына байланысты Ордабасыдан кетті.

Қазақстан құрамасында өткізген ойындары

Ойын күні матч уақыты
11.10.2008 Үлгі:Flagicon АнглияҮлгі:KAZ 5:1 90
11.02.2009 Үлгі:KAZҮлгі:EST 2:0 90
01.04.2009 Үлгі:KAZҮлгі:BLR 1:5 90
06.06.2009 Үлгі:KAZҮлгі:Flagicon Англия 0:4 90
10.06.2009 Үлгі:UKRҮлгі:KAZ 2:1 90
09.09.2009 Үлгі:ANDҮлгі:KAZ 1:3 63, гол
10.10.2009 Үлгі:BLRҮлгі:KAZ 4:0 28
14.10.2009 Үлгі:KAZҮлгі:CRO 1:2 77

Жетістіктері

  • 2008 жылы Премьер Лиганың үздік ойыншы, үздік шабулшы, үздік жас ойыншы атағына үміткерлер қатарында болды.
  • 2008 жылғы «PROСПОРТ» газетінің версиясы бойынша «Жылдың ашуы» атағын жеңіп алды.

Сілтемелер