Таңатар Қоңырұлы Нұралы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Таңатар Қоңырұлы Нұралы 1938 жылы 2 шілдеде Орал облысы Теректі ауданының Ұзынкөл кентінде туған. Қазақ.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетін (1961) оркестр әртісі, оқытушы мамандығы бойынша; Гнесиндер атындағы Мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтты (1973) концерттік орындаушы мамандығы бойынша бітірген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1992 жылдан).

«Музыкалық шығармаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқамалар» (1984), «Гобойға арналған гаммаларды зерттеу бойынша көмекші құрал» (1991), «Гобойға арналған таяқшаларды жасау бойынша нүсқаулық» (1994), «Балалар музыкалық мектебінде гобойда ойнаудың бастапқы сабақтары» (1994), «Портреттерге штрихтар» (2008) кітаптарының авторы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1959 жылдан - Жамбыл атындағы филармонияның Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі. 1967 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы.

«Жұмыстағы үздік табыстары үшін» белгісімен марапатталған (1981). ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1984). ҚР білім беру саласының Құрметті қызметкері (2004). Әскери атағы - отставкадағы аға лейтенант.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанды демократиялықжәне гүлденген мемлекет ретінде көремін». Хоббиі - спорт, шахмат ойыны, футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - Шығыс поэзиясы (А.А. Рудаки, О. Хайям, А. Фирдоуси).

Үйленген. Жұбайы - Кәленбаева Меруерт Кәбекқызы, Қүрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub