Тайжан Сұлтан-Мұрадұлы Досанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тайжан Сұлтан-Мұрадұлы Досанов (1952 жылы туған, Түрікменстан, Бекдаш ауылы) – суретші, киім-кешек жасау шебері. Алматы қаласындағы көркемсурет училищесінің мүсін бөлімінде (1975) оқыған. 1978 жылы алғаш рет ұзатылар қызға арнап ұлттық бояуы жарқын киім-кешек үлгілерін, әсіресе сәукеле секілді зер таспен көмкерген аса сәнді бас киімнің қайталанбас үлгісін жасаумен ол өзінің шығармашылық жолын айқындады. Осыдан былай қарай ұлттық киімдерді дайындауда халық өнерінің ұмытылған озық үлгілерін, дәстүрін қайта жандандыруға көп күш салды. 1982 жылы Маңғыстаудағы Жаңаөзенге келіп, облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге (1984 жылдан) өзі жасаған киім үлгілерімен қатысты. КСРО Суретшілер одағының дипломына (1987) ие болды. 1989 жылы Францияның Канн қаласында өткен Халықаралық көрме-жәрмеңкесіне өзі даярлаған киім үлгілерімен қатысты. 1992 жылы арнайы шақыртумен Алматы қаласына келіп, сонда жұмыс істейді.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

<ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тайжан Сұлтан-Мұрадұлы Досанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}