Сөвет-хан Ғаббасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сөвет-хан Ғаббасов - 1939 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Сұңқар ауылында туған. 1957 жылы мектеп бітірісімен, екі жылдай жылқышы болып істеген. 1965 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факулътетін, кейіннен Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсты аяқтаған. Қазақ КСР Денсаулық министрлігіне қарасты Қазақтың экспериментальді және клиникалық ғылыми-зерттеу хирургиялық институтында ғылыми қызметкер, Алматы қалалық емханаларында дәрігер-хирург, ординатор-хирург болып қызмет еткен. Медицина ғылымының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы «Мектеп» кеңесін басқара жүріп, Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымы зерттеу институтының кеңесшісі, республикадағы «Қазақстан» және «Достық» қоғамдарының Президиум мүшесі, «Мектепке дейінгі тәрбие» ғылыми-зерттеу институтының директоры болып қызмет еткен. Қазір С.Демирел және Д.Қонаев атындағы университеттердің профессоры.«Қан жүрісі — жүрек тынысы» (1968), «Дәрігер келгенге дейінгі көмек» (1973), «Қатерлі ісіктің алдын алуға бола ма?» (1980) секілді кітапшаларын шығарған.

Жетістіктері

«КСРО денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған. Зайсан ауданының Құрметті азаматы. Махамбет сыйлығының лауреаты (1996).

Шығармалары

  • Қыран қия. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1971;
  • Ана жүрегі. Повестер. А.,»Жазушы», 1974;
  • Өскен үя. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1976;
  • Серпер. Роман. А., «Жазушы», 1979;
  • Порыв. Повести. А., «Советский писатель», 1982;
  • Нәзік сезім. Роман, повестер. Фрунзе. «Қырғызстан», 1985;
  • Кәусар. Ғылыми-фантастикалық роман. А.,»Жазушы», 1985;
  • Мейірім. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1989;
  • Воззрение. Повести, роман. М., «Советский писатель», 1993;
  • Ізгілік әліппесі. Оқулық. А., 1991;
  • Халықтық педагогика негізі. Монография. А., «Әл-Фараби», 1995.
  • Көңіл қүсы. Роман. 2004.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}