Сәуле Сыздыққызы Бапанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бапанова Сәуле Сыздыққызы1956 жылы 12 наурызда Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Үлгілі» кеңшарында туған. Қазақ.

Әкесі - Нұркеев Сыздық. Анасы - Башарова Айдан.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1976); С.Г. Строганов атындағы Мәскеу Жоғарғы көркем-өнер-өнеркәсіп училищесінің көркем тоқыма бөлімін (1981) бітірген.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі. Көптеген гобелендік полотнолардың авторы.

Соңғы еңбектері: «Сарыарқа» (2004), «Жер жаннаты» (2006, жүн, қолмен тоқу), «Көшпелі бақ» (2006), киіз киімдерінің топтамасы (2008), «Көкке таңырқау» (2007), «Түнгі мерген» (2007), «Тағдыр тоқуы» (2007), «Салт атты әйел» (2007),«Ғасырлар биі» (2009), «Көк бөрі (Қасқыр ана)» (2010). Польшада (Азия және Тынық мұхит мұражайы, Варшава қаласы, 1993); I Халықаралық симпозиумда (Түркия, 1996); Мемлекеттік шығыс халықтары бейнелеу өнері мұражайында (Ресей, 1996); Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (1996); Германияда (ҚР суретшілөр тобының Германиядағы көрмесі, Майндағы-Франкфурт қаласы, Бонн қаласы, 1997); ҚР Орталық өнер мұражайында (Алматы қаласы, 1997); «Шартарапты шарлау» («Тәңірі-Ұмай» галереясы, Алматы қаласы, 1999) жеке көрмелерін өткізген. Жұмыстары көптеген республикалық, халықаралық симпозиумдар мен көрмелерде ұсынылған: Бүкілодақтық «Сенеж» шығармашылық тобы (Ресей, 1986); Халықаралық көрме (Канн қ., Франция, 1989); «Көркем тоқыма-1989» халықаралық байқауы (Рига қ., Латвия); Этнография мұражайындағы көрме (Польша, 1994); Халықаралық кілем өнімдері байқауы (Түркия, 1995); Халықаралық ислам өлдері өнерінің фестивалі (Тегеран қ., 1995), Халықаралық «Киіз-98» симпозиумы (Вильнюс қ., Литва, 1998); Халықаралық симпозиум (Дания, 1998) және басқалар. Жүмыстары Қазақстан, Ресей, Украина, Польша, Дания, Испания мұражайларында, сондай-ақ Қазақстан, Франция, Америка, Лихтенштейн, Түркия, Германия, Швеция, Швейцариядағы жекеменшік коллекцияларында сақталуда. 1981 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1981 жылдан). ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық суретшілер қауымдастығының мүшесі (2002 жылдан).

«Платина Тарлан» сыйлығының лауреаты. ҚР Мәдениет министрлігі құрмет грамотасымен марапатталған. Халықаралық, республикалық конкурстар және фестивальдер дипломдарының иегері. Мәдениет қайраткері.

Діні көзқарасы - мұсылман. Тұрмыста. Жұбайы - Бапанов Әлібай Қалтайұлы - суретші. Ұлы - Бапанов Агин, маркетолог; қызы - Бапанова Ая,студент.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub