Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова (14 тамыз 1966 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Маятас ауылы) – қазақстандық дәстүрлі ән өнерін насхаттаушы әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Сарысу ауданының Құрметті азаматы.

Өмірбаяны

  • Ол алғаш рет сахнаға 2-сыныпта оқып жүрген кезінде шығып, «әнші қыз» атанды.
  • Республикалық эстрада-цирк өнері студиясындағы Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің батыс ән дәстүрі бойынша класына ілінді.
  • 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдайды.
  • Өнер жолында жүріп Ұлттық Консерваторияға қабылданады.
  • 1997 жылы Консерваториядағы оқуын аяқтаған соң, Сәуле «Қазақконцерт» бірлестігінде кәсіби әншілікті бастады. Париждің «ЮНЕСКО» залында концерт атқарылғанда Сәуле оған қатысты. Оны Француздар өте жақсы қабылдады.
  • Атыраудағы музыка Академиясынан оралып, Құрманғазы атындағы консерваторияның ән кафедрасын басқарады.
  • 2012-2015 жылдары Жамбыл облыстық филармониясын басқарды.

Ғылыми еңбектері

  • Ұзақ жылдар ізденісі нәтижесінде 2010 жылы «Қазақ прозасындағы әнші-ақындар бейнесі» тақырыбында кандидаттық ғылыми диссертациясын қорғады.
  • Көптеген ғылыми-танымдық мақалалардың және «Әуен-сыр» атты кітаптың авторы.
  • Сегіз қырлы өнерлі жан 2006 жылы ұлттық телеарнада авторлық «Бұл әнді білесіз бе?» тележобасында жүргізуші ретінде жаңа қырымен танылды.

Шәкірттері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер