Сәуле Бахтиарқызы Оразаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Сәуле Бахтиарқызы Оразаева 1957 жылы 19 тамызда ӨзКСР Ташкент қаласында туған.

  • Әкесі -ОразаевБақтиярМұстафаұлы (1923-2001), В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген. Анасы – Дәндібаева Қарашаш Жүнісқызы, зейнеткер, Бас ботаникалық бақгың ғылыми-техникалық ақпарат белімінің меңгерушісі. Үйленген. Жұбайы - Подколзин Владимир Федорович (1953 ж. т.), «ҚАЗГЕОКОСМОС» АҚ бас геологы. Қызы Подколзина Лаура Владимировна (1977 ж. т.); ұлы Подко лзин Руслан Владимирович (1986 ж. т.).
  • Мәскеу геологиялық барлау институтын үздік бітірген (1979), тау-кен инженер-геофизигі. Техника ғылымдарының кандидаты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
  • 1979-1993 жылдары - ҚазКСР Геология министрлігінің кәсіпорнының геофизигі, жетекші геофизигі. 1994 жылдан - Қазақ минералдық шикізат институтының белім бастығы, «Қазақстанның минералдық ресурстары» журналының директоры. 1995 жылдан - ҚР Минералдық-шикізат кешенінің ақпараттық-талдама орталығының бас директоры. 1997 жылдан - ҚР Табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық жобалар басқармасының бастығы. 1998 жылдан - «Қазақойл» ҰМК» АҚжәне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Геология және геофизика департаменті, Жаңа жобалар департаменті Геология және әзірлеу департаментінің директоры. 2003 жылдан бері - «ҚАЗГЕОГАРЫШ» АҚ президенті «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
  • Діни көзқарасы - дәстүрлі діндерге құрметпен қарау. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік және еркендеу». Хоббиі - йога. Сүйіп оқитын әдебиеті - Э. Хемингуэй, Ш. Айтматов,Д.Рубина. «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2003ж).<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. Екі томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}