Сәтімбек Төлешев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәтімбек Төлешев (1920, Шу ауданы Жамбыл қаласы – 1977, Алматы) – 2-дүниежүзілік соғыс ардагері, баспагер. Әке мен шешеден ерте айырылып, Саратов қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленді. Семей жұмысшылар ф-тін (1937), Алматы пулеметшілер уч-щесін (1939) бітірген.2-дүниежүзілік соғыс кезінде Алматыда құрылған 391-атқыштар дивизиясындағы рота командирі ретінде Холм қаласын азат ету жолында күресті. Кейін батальонды басқарып, 1-гвардиялық әуе-десанттары құрамасында әр түрлі майдандарда шайқасты. Бірнеше рет жау тылына десант болып түседі. Польшадағы партизандар құрамасының штаб бастығы болды. Чехословакия мен Польшаны фашист басқыншыларынан босатуға белсене қатынасып, ерліктің үлгісін көрсетеді. 1945 ж. наурыз айында кеңес Армиясының сапына қайта қосылады. 1949 ж. Төлешевтің отбасы Иванов қаласынан Алматыға оралды. Ол әуелі бірінші, содан кейін екінші баспахананың директоры болды. Алматы «Кітап» ф-сының іргесін қаласып, оның директоры болады. Өмірінің соңғы кездерінде Республика баспа кәсіпорнының Бас директоры қызметін атқарды. Қазақстан баспа өндірісін өркендетуге елеулі үлес қосты. Төлешев Жауынгерлік Қызыл Ту, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Отан соғысының бірінші дәрежелі партизаны ордендерімен, КСРО медальдарымен, бейбіт еңбек майдандарында Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1964 ж. ол поляк халқының ең жоғ. ордені – Виртути Милитари күміс кресіне ие болды. Шығыс халықтарының өкілі ретінде мұндай жоғары награданы тұңғыш алған болды. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілді. К. Рыспаев <ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}