Сәтсіздіктерден құтылу мотиві

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәтсіздіктерден құтылу мотиві - адамның кез келген жағдайда сәтсіздікке ұшырамауға ұмтылуы, әсіресе оның жасаған еңбектері мен нәтижелерін басқа адамдар бағалап қабылдағанда, кез келген жағдайда адамның сәтсіздіктен құтылуға тырысуы. Сәтсіздіктерден құтылу мотиві түрткісіне бой алдырған адам сол үшін өзінің бастапқы мақсатынан толық не белгілі мөлшерде бас тартуға дейін барады. Сәтсіздіктерден құтылу мотиві үлгерімі нашар балалардың тапсырма орындамау себебін түсіндіргенде жиі байқалады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}