Сәлім Меңдібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәлім Меңдібаев - 1946 жылы 5 шілдеде Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат кентінде туған.

1969 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 1971 жылдан бастап Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеті редакциясында еңбек етті. 1979 жылы Алматы жоғары партия мектебін сырттай оқып бітірді. 1996 жылдан бері А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетінде ұстаздық етеді. 1999 жылдан бастап «Қостанай таңы» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары.

Еңбектері

«Жүрек лүпілі» (1998), «Еменнің айыр бүтағы» (2001), «Мөпмөлдір дүние» (2003), «Ілияс Омаров» (2003), «Еркімбайдың Сұлтаны» (2009), «Терең тамыр» (2009) сияқты кітаптары жарық көрген.

«Әскери ерлігі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 10 жыл» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстанның Құрметті журналисі (2008), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2005), Қостанай облысы әкімі сыйлығының, «Қазақ тілі» қоғамының «Ұлтжанды азамат» сыйлығының иегері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса, Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}