Сәкен Нәжімеддинұлы Ғұмаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәкен Нәжімеддинұлы Ғұмаров (1942 ж. - 1995 ж.) - архитектор, суретші. Кескіндеме саласында жұмыс істейді. 1937 жылы 3 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Бөкей даласында дүниеге келген. Қазақстан Журналистер және Суретшілер одағының мүшесі. 1962-1963 жылдары Мәскеуде Луначарский атындағы мемлекеттік театр және өнер институтында (ГИТИС), 1964-1965 жж. Ленинградта музыка, театр, кинематография институтында (ЛГИТМИКС) оқыған. Актерлік шеберлікті, режиссураны меңгерген. 1960-1964 жылдары Орал қаласында жаңа ашылған облыстық телеарнаның бас режиссері болған.

Өнері

С.Ғұмаров жұртшылыққа суретшілік өнерімен танымал. Ол 30 жыл бойына сурет салу өнерімен шұғылданған. 1986-1995 жж. С. Ғұмаровтың жеке көрмелері Алматы, Мәскеу, Ялта, Сочи, Киев, Челябі, Вильнюс, Орал қалаларында өткізілді. Ол ешқандай жүйе, мектеп, ағымның тікелей әсеріне мойынсұнбай отыз жыл бойы тер төкті, «провинцияда өнер өрге баспайды» деген қағиданы теріске шығарып, оның шығармалары көрермен жүрегіне көптеген атышулы әріптестерінен бұрын жол тапты.

Ол өз еңбектерін абстракциялық үлгіде жазады. Ғұмаров 1980 ж. Қазақстан ақын-жазушылар шығармашылығындағы және халық ауыз әдебиетіндегі құстар бейнесін негізге ала отырып, «Аққұс» деген жалпы атпен картиналар топтамасын жазды.Оның 400-ге жуық туындылары бар<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref> Бұл топтамаға «Абай көзімен қарағандағы Аққұс бейнесі» (1980, картон, майлы бояу, Ю. А. Кошкиннің жеке қоры) картинасы да енді. Түрлі-түсті алуан пішіндер мен мозаика үлгісінде өрнектелген жұмыста Абай портреті асқақ көрінеді. Кескіндеме композициясы қазақ және араб әріптерімен жазылған сөздермен толыға түскен.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Ғұмаров Сәкен: Өмірдерек//Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.-Алматы: Арыс,2002.-222б.
  • Жазира Жайық. Батыс Қазақстан суретшілері.-Орал,2010. - 48б.
  • Қобланов Н. Қылқалам шебері// Жайық үні.-2008.-31 қаңтар.-9б.
  • Мәмет С. Суретші Сәкеннің сырлы әлемі//Егемен Қазақстан.-2008.

Дереккөздер

<references/>