Сәду Дауылбайұлы Оңғалбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәду Дауылбайұлы Оңғалбаев (темір жол б. – 1938, Ашғабад) – партия, кеңес қызметкері, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1920 ж. Маңғыстауда уездік комитеттің еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде жұмыс істеген. 1921 – 22 ж. жергілікті жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Түрікменстан, Қазақстан комсомолы ОК-терінің бюро мүшесі және үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1925 – 30 ж. Керкі округтік партия комитетінің хатшысы, 1932 жылдан Түрікмен КСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары, 1935 жылдың 16 қыркүйегінен Мәскеуде Одақтық үкімет жанындағы Түрікмен КСР-інің тұрақты өкілі болып қызметтер атқарды. 1937 ж. 1 наурызда тұтқынға алынып, «Түрікмен азаттығы» ұлтшылдық ұйымына қатысты, Адай көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болды» деген нақақ жаламен айыпталған. Әскери соттың үкімі бойынша атылды.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәду Дауылбайұлы Оңғалбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}