Сәбит Мұқанұлы Байжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәбит Мұқанұлы Байжанов (1940 ж.т., Ерейментау ауданы, Елтай а.) — қоғам қайраткері. Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы.

Ленинград қ-ндағы М.А. Бонч-Бруевич атынд. Электротехникалық байланыс ин-тын, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Ин-тты бітірген соң Алматы телеорт-нда инженер, ауысым бастығы; Целиноград облысы телеорт-ның бастығы; 1971 — 76 ж. Целиноград облысы өндірістік-техн. байланыс басқармасы бастығының орынбасары, бас инженері, 1976 — 78 ж. Қазақстан Компартиясы Павлодар қ-лық к-тінің 2-хатшысы, 1981 — 87 ж. Екібастұз қ-лық атқару к-тінің төрағасы, 1987 ж. Талдықорған облысы атқару к-тінің төрағасы, 1987 — 88 ж. КОКП Орт. к-тінің инспекторы; 1988 — 90 ж. Қазақстан Компартиясы Жамбыл облысы к-тінің 1-хатшысы, 1990 — 91 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы, 1991 — 94 ж. ҚР Өнеркәсіп министрінің орынбасары, 1994 ж. Қазақстан тұтынушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары қыз- меттерін атқарған. КСРО Халық депутаты, 1989 — 92 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 10, 11-шақырылуының депутаты болған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}