Сәбит Дүйсенбиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәбит Дүйсенбиев - 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының Шақпақ Баба ауылында туған.

Өмірбаяны

1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін, еңбек жолын «Жалын» баспасында редакторлықтан бастады. Бүдан кейінгі уақытта ол «Ұлан», «Түркістан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Денсаулық» журналында қызмет етті.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармалары

Жазушының «Жалын» баспасынан 1984 жылы «Тәтті алма», 1987 жылы «Қақпашы» және 1991 жылы орыс тілінде «Сладкое яблоко» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгіме-повестері, жинақтары жарық көрген. 2007 жылы Астана Жастар театры «Махаббат миниатюралары» атты әңгімелері бойынша сахналық қойылым жасаған.

Жетістіктері

Жас жазушылардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық IX кеңесіне қатысқан.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}