Сұржағал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сұржағал - үлкен сұқсырдан ғана аздап кішірек едәуір ірі денелі (520-1000 г) құс. Қара реңді төбесі, құлақ будасы және тік қиылған қара айдарына қарама-қарсы екі жағы мен иегі сұрғылт түске боялған. Мойны- қызғылтсары. Қазақстанда барлық жерге дерлік ұялайды. Негізінде су жәндіктерімен қоректенетін болғандықтан, ұялауға іздестірілетін суқойма таңдауда онда балықтардың болуы міндетті емес.

Сыртқы көрінісі және қылығы үлкен сұқсырды еске түсіргенімен қалың өскен жерлер жиегінде жиі жүреді. Ұяларды қалқыма аралшаларға, сондай- ақ жығылған қамыстарға да орналастырады. Салындыда 6 жұмыртқаға дейін болса да, ұялас балапандар саны аз болады. Сірә, жұмыртқалардың барлығынан балапан жарып шықпайтын болса керек. Одан басқа тіршілігінің алғашқы күнінде олардың көпшілігі өліп қалады. Жұмыртқаларды ата- енелер 23 күнге жуық басады, бұдан соң тағы бір ай балапандар қанатына көтерілгенше қамқорлығына алады. Балапандар 2,5 ай шамасында өз бетімен жүре алатын болады. Ұялау орындарында сәуірден қазан айы бойы жүреді<ref>Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер