Сұлтан Сүйінішәлин
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сұлтан Сүйінішәлин (Хансұлтан) (1905, қазіргі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы – 1941) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>
Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Бүкілодақтық коммунистік университетін (1932) бітірген.
1921 – 23 жылдары почташы, Шалқар қалалық милиция қызметкері, Ақтөбе партия-кеңес мектебінің тыңдаушысы, 1923-26 жылдары БЛКЖО Шалқар уездік комитеті саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, 1926-27 жылдары БЛКЖО Қарсақпай уездік комитетінің хатшысы, 1928-29 жылдары Қостанай округтік комитетінде тарату бөлімінің меңгеруші, БК(б)П Қостанай округтік көшпелі партия мектебінің жетекшісі, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болды.
1929-1932 жылдары Ленинградта оқиды.
1932-33 жылдары БК(б)П "Прибалхашстрой" аудандық комитеті мәдениет және насихат бөлімінің меңгерушісі. 1933 жылдың сәуір-мамырында Алматы облысы комитетінің насихат секторының меңгерушісі, 1933-37 жылдары БК(б)П Риддер қалалық комитетінде мәдениет және насихат бөлімінің меңгерушісі, хатшысының орынбасары, 2-хатшы, Қазақстан К(б)П ОК-нің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1937 жылдың желтоқсанынан 1938 жылдың маусымына дейін Қазақ КСР-і халық ағарту халық комиссары.
1938 жылы тұтқындалып, 1940 жылы сотталған. Жазасын КСРО ІІХК Сугурман колониясында өтеп жүргенде қайтыс болды. 1955 жылы қыркүйекте ақталған.<ref>Тағы бір қайраткер...</ref> <ref>Шалқар энциклопедиясы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Сыртқы сілтемелер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сұлтан Сүйінішәлин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}