Сүндет күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сүндет күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы бұрынғы Оймауыт ауылынан 30 км жерде, Жем өзеннің сол жағында орналасқан. XIX ғасырда ірге көтерген Сүндет күмбезін Дәулетнияз ұста тұрғызған. Ол мазарды текше пішінді етіп салып, 8 қырлы қабырғаның үстін барабанды күмбезбен ұштастырған. Алдыңғы қабырғасы мен маңдайшасы бедерлі оймыш және түйе табан өрнекпен нақышталған. Әр қабырғасында ою-өрнекпен безендірілген ойықтар бар. Ішкі жағын нақыштауда түрлі түсті бояулар пайдаланылған. Сүндет күмбезінде құрылыс материалы ретінде Маңғыстауда жиі кездесетін ұлутас қолданылған. Сүндет күмбезі композициясының жинақы әрі беріктігімен ерекшеленеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}