Сырбаз қуырдақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сырбаз қуырдақсірнеге ұксас жеңсік тағам. Қай малдың болса да жаңа сойған жас етін қазанға салып, бие сүтін құйып, тұз салып ақырын ғана қайнатқан кезде өз буымен піседі. Кей жерлерде мұны "бұқпа қуырдақ" деп атайды. Піскен кезде еті сағыздай созылып тұрады. Аталған дәмі сыйлы кісілер мен қарт адамдарға тартады. Соңғы жылдары ұмытылып бара жатқан халқымыздың осы жеңсік тағамның болғанын оның дәмін татқан Орталық Қазақстанда тұрған бұрынғы ұстаз Рысбала Шалабаева айтып берді. Бұқпа да, сірне де, сырбаз қуырдық та жасалу жолы ұқсас болғанымен әрқайсысының өз ерекшелігі мен орны бар дастарқан мәзірі.<ref>Қазақтың дархан дастарқаны - Алматы "Алматыкітап" ЖШС - 2005 ISBN 9665-24-559-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер