Сына

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сына - ағаш кеспелтекті жаруға, желімдеген ағаш бөліктерін қысып тұруға, балта, балғаға өткізілген ағаш сапты берік ұстап тұру үшін ұшынан қайыра қағып қоюға арналған қарапайым көмекші құрал. Оны қайың, қарағай, емен сияқты қатты ағаштан және темірден жасайды. Ағаш сынамен дөңбекті жару үшін, алдымен балтамен із салады да, сынаның жүзін сол ізге қадап, балтаның қапталымен ұрады. Балтаның дүмімен ұрса ағаш сына жарылып кетуі мүмкін. Ол үшін Сынаның жүзіне қарсы жағын темірмен құрсаулап қояды. Оны Сынаның мойнағы деп атайды. Темір Сынаны шой балғамен немесе шой балтаның дүм жағымен қағады. <ref>”Қазақ энциклопедиясы”, 8 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сына|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}