Сылақ көмбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сылақ көмбе

С.Қимасовтың "сылақ көмбе" деп атағаны жаужұмырдың бір түрі екен. Жас бағланды немесе марқа лақты бауыздаған соң, терісін сыпырмай ішек қарнын алып, ішіне тұз, сарымсақ(пияз)салып, аздап қана су құяды да, жарылған іштің терісін қайта тігеді. Кеңірдек пен өңештің орнын да тігіп тастайды. Бас-сирағы кесілген ұшаны май батпақпен қалыңдығы жарты елідей сылдайды, жанған оттың шоғына тастайды. Үстіне от жағады. Бірер сағаттан соң, сылақ балшық кеуіп, қышқа айналған кездеұшаны аударып, астына шоқ төсеп, үстіне тағы от жағады. 2 сағаттай уақыт өткен соң, қыш қорапқа оранған ұшаныоттан шығарып, үстіне аударып-төңкеріпсуық су құйғанда қатып тұрған сылақ айырылады. Көтеріп алып, көк шөптің үстіне тастаса, балшық сылақ малдың жидіген жүнін өзімен бірге ала түседі, сыртқа демі шықпай, өз сөліне піскен даяр етті жілік-жілігімен алып жейді.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сегізбайұлы Кәдірбек С30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сылақ көмбе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}