Сухан Мақсұтұлы Камалов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Сухан Мақсотұлы Қамалов (21 желтоқсан, 1935 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында туған) — ғалым. Геологиялық-минералогия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі (2003 жылдан). ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаттары ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен «Парасат ордені»нің иегері. Орал қаласының Құрметті азаматы.

Еңбек жолы

Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Орал геологиялық барлау экспедициясында геолог, экспедиция бастығы, «Оралмұнайгазгеология» бірлестігінің бас директоры (19591964), КСРО Геология министрлігінде бас геолог (1965–72), Ақтөбе экспедициясы (1972–75) мен Орал мұнай-газ барлау экспедициясының бас геологы, бастығы, «Оралмұнайгаз» бірлестігінің директоры (1976–90), Қазақстан Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының 1-орынбасары (1990–92), Қарашығанақ газ кәсіпшілігінің бас директоры (1993–94) қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Орал қаласындағы «Газжобалау» ғылыми-жобалау инстиутының президенті. Қамаловтың ғылыми еңбектері Батыс Қазақстан аймағындағы мұнай және газ кендерін зерттеуге арналған. Қарашығанақ мұнай және газконденсат ін ашуға үлес қосқан. Сондай-ақ Әукетайшағыл, Болғанмола, ТепловТокарев, Батыс Теплов және Каменка мұнай және газ орындарының геологиясын зерттеген.

Мемлекеттік марапаттары

Шығармалары

  • Геология и нефтегазоносность Карачаганакского месторождения, Саратов, 1958;
  • Строение и перспективы подсолевых отложений Северо-Восточной части Прикаспийской впадины и вопросы их полеоморфологического изучения, А., 1975.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер