Станислав Ильич Мордвинцев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Станислав Ильич Мордвинцев (18.12.1934 жылы туылган, Тәжікстан, Душанбе қаласы) – Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі (1978 жылы).

1958 жылы Мәскеу архитектура институтын бітірген. “Қарағандыгорсельпроект” институтында бас архитектор, Қазақстан архитекторлар одағының Қарағанды бөлімшесінің төрағасы қызметінде болды. Мордвинцев жобасы бойынша Қарағанды қаласында облыстық кәсіподақ кеңесінің үйі (1960), “Степной” экспериментті ықшамауданы, “Майбұлақ” профилакторийі (1982), т.б. салынды. Мордвинцев “Қарағанды қалалық-селолық жобалау” (1989 жылдан “Қарағанды азаматтық құрылыс жобалау”) институтында жұмыс істеп, “Гүлдер”, “Орбита” ықшамаудандарының жобасын жасауға қатысты. Қарағанды қаласының жаңа жобасын сызып, құрылысты салуға қатысқаны үшін ҚазКСР-і Мемлекеттік сыйлығын алды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}