Соғысқа қарсы қозғалыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соғысқа қарсы қозғалыс - бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік үшін қарулы зорлыққа, милитаризғма, соғыс пен әскери кикілжіңдерге қарсы еркін топтардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, халықтар, халықаралық ұйымдар мен басқа да күштердің ұйымдасқан және ұйымдаспаған әрекеттерінің жиынтығы. Соғысқа қарсы қозғалысқа әлеуметтік құрамының кеңдігі, қатысушылардың дүниетанымдық көзқарастарының біртекті еместігі, ағымдардың көптігі тән. Соғыс қиыншылықтарына байланысты көне дәуірде пайда болған, бірақ XX ғ. 20-30 жж. ғана ұйымдасқан сипат ала бастайды. II дүниежүзілік соғыстан кейін кең құлаш жайып дамиды, негізгі мақсаты - ядролық дау-жанжалды болдырмау. XX ғ. соңы мен XXI ғ. басында соғысқа қарсы қозғалысқа қатысушылар әскери дау-жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуге және ядролық қару- жарақты таратпау мәселелеріне көп көңіл бөле бастайды.

"Дәрігерлер ядролық соғысқа қарсы", "Қалалар бейбітшілік үшін" халықаралық қозғалыстары кеңінен танымал. Соғысқа қарсы қозғалысқа кейбір елдердің әскери өкілдері қосылды. РФ әртүрлі соғысқа қарсы қозғалысқа отрядтар жүмыс жасайды: Ресейлік халықаралық ықпалдастық бірлестігі, Ресей соғыс ардагерлерінің ұйымы, Бейбітшілік және келісім федерациясы және т.б. қоғамдық-саяси ұйымдар.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Соғысқа қарсы қозғалыс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}