Социалистік мемлекет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Социалистік мемлекет - социалистік идеология мемлекеттік ресми идеологияға айналған, сол идеология негізінде басқарылған мемлекет. Яғни, негізгі қағидаттары әлеуметтік теңсіздікті жою, таптық күрес, коммунистік партияның жетекшілік рөлі. Патшалық Ресейдегі 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін, социалистік мемлекет жарияланды. Бірақ КСРО-ғы социалистік мемлекет құру тәжірибесі бұрмаланған сипатымен танымал, соның салдарынан КСРО-да тоталитарлық тәртіп орнады. Бұл әлемнің екі полюске, капиталистік және социалистік болып бөлінуіне де себепкер болды. XX ғ. әлемдегі 15-ке жуық мемлекет өзін социалистік мемлекет ретінде таныған, әрі социалистік лагерь құрамына кірді. Олар КСРО, Моңғолия, ҚХР, Польша Халық Республикасы, ГДР, Болгария Халық Республикасы, Венгрия Халық Республикасы, Югославия, Чехословакия, Албания, Солтүстік Корея, Вьетнам.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Социалистік мемлекет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ko:공산주의 국가