Софмайя

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Софмайя - шұбаттан жасалған нәрлі сусын. Бұл сусын қазақ халқының ең сапалы сусыны болып саналады.

Сусынның пайда болуы

Қазақ қыздарының ішінен шыққан алғашқы микробиолог ғалым Қазақ Ұлттық Академиясының академигі Майя Хажетдинқызы Шығаева мен атыраулық белгілі биолог ғалым София Зұлқарнайқызы Сағындықова 2006 жылы шұбат пен қант қызылшасы шырынының қоспасынан ерекше «Софмайя» деген сусын ойлап тапты. Жаңа сусын ойлап тапқан ғалымдардың өз аттарының қосылуынанан «Софмайя» деп аталған.

Сусынның дәмі мен түсі

Шұбаттан жасалған бұл жаңа сусынның дәмі қышқылтым әрі тәтті. Сусын ашық қызыл түсті.

Пайдасы

Бұл сусын организмді қажетсіз ыдырау өнімдерінен тазартып, қанның құрамындағы гемоглобиннің мөлшерін арттырып, жүйке жүйесінің (әсіресе мидың) қызметін жақсартып, қантамырларын кеңейтеді және организмнен радионуклидтердің шығуына ықпал жасайды.

Марапатты ұтып алуы

Қазақтың ғалым қыздары өздері ойлап тапқан «Софмайя» сусыны үшін Ислам елдерінің білім, ғылым және мәдениет саласындағы «Isesko» деп аталатын ең жоғарғы марапатты иеленді. «Софмайя» сусыны халқымыздың киелі сусыны саналатын шұбаттың даңқын бүкіл әлемге паш етіп отыр. <ref> Қызықты биология. Жануарлар әлемі. төрт түлік / Р. Сәтімбеков, Р. Әлімқұлова. - Алматы: "Таймас" баспа үйі, 2011. - 132 бет. ISBN 978-601-264-077-9 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References